04 тамыздан бастап Қазақстан қор биржасында екі атаудағы жай акциялармен сауда саттық тоқтатыла тұрады

01.08.25 16:52
/KASE, 01.08.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 04 тамызынан бастап орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемелерінде репо операциялары бойынша келесі жай акциялармен KASE-де сауда-саттық тоқтатыла тұратынын хабарлайды: 1) US6745991058 ("KASE Global" секторы, OXY_KZ) Occidental Petroleum Corp. (США), есеп айырысу күні 2025 жылдың 10 қыркүйекке және одан кейінгі күндерге сәйкес келеді, сауда-саттық 2025 жылдың 12 қыркүйегінен бастап қайта басталады; 2) US3453708600 ("KASE Global" секторы, F_KZ) Ford Motor Company (США), есеп айырысу күні 2025 жылдың 11 тамызына және одан кейінгі күндерге сәйкес келеді, сауда-саттық 2025 жылдың 13 тамызынан бастап қайта басталады. Сауда-саттық "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты KASE ішкі құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды. [2025-08-01]