"ForteBank" АҚ 2024 жылға KZ000A0F4546 (ASBN) жай акциялары бойынша дивидендтер төледі

01.08.25 17:26
/KASE, 01.08.25/ – "ForteBank" АҚ (KASE тикері – ASBN) былай деп хабарлады: дәйексөздің басы "ForteBank" АҚ (бұдан әрі - Банк) келесіні хабарлайды: 2025 жылғы 29 сәуірдегі Акционерлердің жылдық жалпы жиналысында қабылданған шешім негізінде Банк 2025 жылғы 2 мамырдан бастап Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте төленуі тиіс салықтар сомасын қоса алғанда, бір жай акцияға 1,104 теңге есебінен Банктің 2024 жылға арналған жай акциялары бойынша дивидендтер төлеген. "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ ұсынған 2025 жылғы 30 сәуір Астана уақыты бойынша сағат 00:00-дегі жағдай бойынша бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізіліміне сәйкес акционерлерге дивидендтер төленді. Төлемдер нәтижелері бойынша 2025 жылғы 28 шілдедегі жағдай бойынша Банк бағалы қағаздарды ұстаушылар тізіліміндегі акционерлердің қолданыстағы деректемелері бойынша, есептелген 101 703 939 238,11 теңгеден 101 699 992 865,70 теңге сомасында дивидендтер төледі. Акционерлердің ағымдағы төлем деректемелерінің болмауына байланысты 3 946 372,41 теңге сомасындағы дивидендтер төленбей қалды. дәйексөздің соңы Қазақ және орыс тілдеріндеге осы ақпарат орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/ASBN/asbn_dividends_280725_38587.pdf [2025-08-01]