"Capital Leasing Group (Капитал Лизинг Груп)" ЖШС KZ2P00009871 (CLSGb2) облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды
04.08.25 09:00
/KASE, 04.08.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың
04 тамызынан бастап "Capital Leasing Group (Капитал Лизинг
Груп)" ЖШС (Алматы) KZ2P00009871 (KASE баламалы алаңы,
"облигациялар" санаты, CLSGb2; 1 000 теңге, 2,0 млрд теңге; 04.08.23 –
04.08.25; жартыжылдық купон, жылдық 22,00%; 30/360) облигациялары
айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен
шығарылғанын хабарлайды.
Аталған облигациялар 2023 жылдың 01 тамызынан бастап баламалы
алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді.
Олармен сауда-саттық 2023 жылдың 07 тамызынан бастап ашылды.
[2025-08-04]