Еуразиялық даму банкінің KZ2D00009958 (EABRb41) облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды
04.08.25 09:09
/KASE, 04.08.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың
04 тамызынан бастап Еуразиялық даму банкінің KZ2D00009958
("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, EABRb41;
1 000 теңге, 50,0 млрд теңге; 03.08.23 – 03.08.25; жылдық купон, жылдық
15,50%; 30/360) облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына
байланысты KASE ресми тізімінен алынып тасталғаны туралы хабарлайды.
Аталған облигациялар KASE ресми тізімінің" халықаралық қаржы
ұйымдарының бағалы қағаздары " секторына 2023 жылдың 18 шілдесінен
бастап енгізілді. Олармен сауда-саттық 2023 жылдың 16 қазанынан бастап
ашылды.
[2025-08-04]