"Home Credit Bank" АҚ KZ2C00009892 (HCBNb9) облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды
04.08.25 09:16
/KASE, 04.08.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың
04 тамызынан бастап "Home Credit Bank" АҚ (Алматы) KZ2C00009892
(KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, HCBNb9; 1 000 теңге, 20,0
млрд теңге; 04.08.23 – 04.08.25; жартыжылдық купон, жылдық 16,50%;
30/360) облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE
ресми тізімінен шығарылғанын хабарлайды.
Аталған облигациялар 2023 жылдың 24 шілдесінен бастап негізгі алаңның
"облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді. Олармен
сауда-сатық 2023 жылдың 08 тамызынан бастап ашылды.
[2025-08-04]