"Swiss Capital (Свисс Капитал)" МҚҰ" ЖШС KZ2P00009947 (MFSCb3) облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды

04.08.25 09:22
/KASE, 04.08.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 04 тамызынан бастап "Swiss Capital (Свисс Капитал)" МҚҰ" ЖШС (Алматы) KZ2P00009947 (KASE баламалы алаңы, "облигациялар" санаты, MFSCb3; $100, $10,0 млн; 04.08.23 – 04.08.25; ай сайынғы купон, жылдық 10,50%; 30/360) облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылғанын хабарлайды. Аталған облигациялар 2023 жылдың 03 тамызынан бастап баламалы алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді. Олармен сауда-саттық 2023 жылдың 08 тамызынан бастап ашылды. [2025-08-04]