04 тамыздан бастап KASE KASE_BM* сериясы индикаторларының өкілдік тізімінен "Home Credit Bank" АҚ KZ2C00009892 (HCBNb9) облигацияларын олардың айналым мерзімінің аяқталуына байланысты алып тастады

04.08.25 11:00
/KASE, 04.08.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 04 тамызынан бастап "Home Credit Bank" АҚ KZ2C00009892 облигацияларын (HCBNb9) негізгі алаңының (KASE_BM* сериясы) корпоративтік облигациялар нарығының индикаторларын есептеу үшін өкілдік тізімінен олардың айналым мерзімінің аяқталуына байланысты (04 тамыз – өтеу кезінде тіркелген күні)) алып тастады. 2025 жылдың 04 тамыздан бастап KASE_BM* сериясы индикаторларының өкілдік тізімі 64 атаудағы облигациялардан тұратын болады. KASE_BMY – корпоративтік облигациялардың кірістілік индикаторы. KASE_BMC – жинақталған және төленбеген купондық сыйақыны есепке алмағандағы бағалар бойынша ("таза" бағалар бойынша) есептелетін корпоративтік облигациялар бағасының индексі. Көрсетілген индикаторларды KASE корпоративтік облигациялармен сауда- саттық нәтижелері бойынша күніне бір рет есептейді. Әдістеменің мәтіні KASE интернет-сайтында сілтеме бойынша жарияланды http://www.kase.kz/files/normative_base/indicators_met.pdf [2025-08-04]