06 тамыздан бастап Қазақстан қор биржасында екі атаудағы жай акциялармен сауда-саттық тоқтатылады

05.08.25 17:01
/KASE, 05.08.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 06 тамызынан бастап KASE-де орталық контрагенттің қатысуымен сауда- саттық тәртіптемесінде репо операциялары бойынша келесі жай акциялармен сауда-саттық тоқтатылатынын хабарлайды: 1) US0378331005 ("KASE Global" секторы, AAPL_KZ) Apple Inc. (АҚШ), есеп айырысу күні 2025 жылдың 11 тамызға және одан кейінгі күндерге сәйкес келеді, сауда-саттық 2025 жылдың 13 тамызынан бастап қайта басталады; 2) US30231G1022 ("KASE Global" секторы, XOM_KZ) Exxon Mobil Corporation (АҚШ), есеп айырысу күні 2025 жылдың 15 тамызға және одан кейінгі күндерге сәйкес келеді, сауда-саттық 2025 жылдың 18 тамызынан бастап қайта басталады. Сауда-саттық "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелеріне" атты KASE ішкі құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды. [2025-08-05]