KASE Басқармасы Азия даму банкінің шығаруға жоспарланған XS3145682491 (ASDBe21) халықаралық облигацияларын KASE ресми тізімінің "Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторына енгізуге келісім берді

05.08.25 18:08
/KASE, 05.08.25/ – KASE Басқармасы Азия даму банкінің шығаруға жоспарланған XS3145682491 (ASDBe21) халықаралық облигацияларын KASE ресми тізімінің "Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторына енгізуге келісім берді. Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының 2025 жылдың 05 тамызындағы шешімімен Азия даму банкінің шығаруға жоспарланған XS3145682491 халықаралық облигацияларын KASE ресми тізімінің "Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторына енгізуге келісім берілді. Аталған облигацияларға рұқсат беру бастамашысы "Tengri Partners Investment Banking (Kazakhstan)" АҚ (Алматы) болып табылады. KASE Басқармасының осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигациялардың KASE-де сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигацияларға ASDBe21 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат KASE Басқармасының осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет- ресурсында жарияланатын болады. [2025-08-05]