"ForteBank" АҚ KZ2C00003374 (ASBNb27) облигацияларын өтеді

06.08.25 10:31
/KASE, 06.08.25/ – "ForteBank" АҚ (KASE тикері – ASBN) 2025 жылдың 04 тамызында KZ2C00003374 (ASBNb27) облигацияларын өтеп, облигациялар бойынша соңғы 20-шы купондық сыйақыны төледі. Төлем сомасы 52 489 275 208,35 теңгені құрады, оның ішінде негізгі борыш – 49 958 859 000,00 теңге, 20-купондық сыйақы – 2 530 416 208,35 теңге. [2025-08-06]