07 тамыздан бастап Қазақстан қор биржасында "Скулбас" ЖШС KZ2P00014798 (SCLBb2) облигацияларымен сауда-саттық ашылады

06.08.25 12:44
/KASE, 06.08.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 07 тамызынан бастап "Скулбас" ЖШС KZ2P00014798 (KASE баламалы алаңы, "облигациялар" санаты, SCLBb2; 1 000 теңге, 500,0 млн теңге; 3 жыл; тоқсандық купон, жылдық 21,00 %; 30/360) облигацияларымен KASE- де сауда-саттық ашылатынын хабарлайды. KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі баға белгілеу валютасында көрсетілген облигацияның "лас" бағасының екінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – қазақстандық теңге. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/investors/bonds/SCLBb2 [2025-08-06]