"Эйр Астана" АҚ 2025 жылдың 30 маусымында аяқталған екінші тоқсан мен алты айдың нәтижелерін хабарлады

06.08.25 17:07
/KASE, 06.08.25/ – "Эйр Астана" АҚ (KASE тикері – AIRA) былай деп хабарлады: дәйексөздің басы 6 атамыз 2025 Табыс көлемі мен әуе кемелерінің саны бойынша Орталық Азия мен Кавказ өңірлеріндегі жетекші әуекомпаниялар тобы болып саналатын «Эйр Астана» АҚ (бұдан әрі – «Компания», еншілес компаниясы FlyArystan-мен бірге – «Топ») 2025 жылғы 30 маусымда аяқталған екінші тоқсан мен алты айдың қаржылық нәтижелерін жариялайды. Жартыжылдықтың негізгі көрсеткіштері Тұрақты өсім мен табыстылықты басқаруға баса назар аудару EBITDAR көрсеткішін 24,1%-ға арттырды. - Жалпы кіріс пен басқа да табыстар 12.1%-ға өсіп, 658,2 миллион АҚШ долларын құрады (2024 ж. 1 жартыжылдық: 587,2 миллион АҚШ доллары). - EBITDAR 24.1%-ға өсіп, 157,0 миллион АҚШ долларына жетті (2024 ж. 1 жартыжылдығында: 126,5 миллион АҚШ доллары). EBITDAR маржасы 2,3 пайыздық тармаққа ұлғайып, 23,9%-ды құрады (2024 ж. 1 жартыжылдық: 21,6%). - Таза пайда (PAT) 131,9%-ға өсіп, 10,7 миллион АҚШ долларын құрады (2024 жылдың 1 жартыжылдығында: 4,6 миллион АҚШ доллары). - ASK 17,8%-ға артып, 10,3 млрд құрады (2024 ж. 1 жартыжылдықта: 8,7 млрд) - RPK 17,3%-ға өсіп, 8,4 млрд жетті (2024 ж. 1 жартыжылдықта: 7,1 млрд). - Бірлік кіріс көрсеткіші инфляцияға бейім шығындардан жоғары деңгейде сақталып, 2024 жылдың 4-тоқсанынан бері жалғасып келе жатқан оң үрдісті бекемдеді. Бұл Топтың тиімділікті арттыру бойынша жүргізіп жатқан шаралары мен валютаны табиғи хеджирлеу тетігінің тиімділігін көрсетеді. - RASK 4,9%-ға төмендеп, 6,41¢ АҚШ долларын құрады (2024 ж. 1 жартыжылдықта: 6,74¢). - CASK 6.2%-ға азайып, 5,97¢ АҚШ долларын құрады (2024 ж. 1 жартыжылдықта: 6,36¢). - Топ бойынша тасымалданған жолаушылар саны 11.6%-ға өсіп, 4,5 миллионға жетті (2024 ж. 1 жартыжылдықnf: 4,0 миллион), ал орташа жүктеме коэффициенті 81,7% деңгейінде тұрақты сақталды (2024 ж. 1 жартыжылдықта: 82,0%). - Флотқа қосылған алты әуе кемесінің есебінен Топтың әуе кемелер саны 61-ге жетті. дәйексөздің соңы Қазақ тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – https://kase.kz/files/emitters/AIRA/aira_relizs__060825_kz.pdf Орыс тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – https://kase.kz/files/emitters/AIRA/aira_relizs_060825_1.pdf Ағылшын тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – https://kase.kz/files/emitters/AIRA/aira_relizs__060825_en.pdf [2025-08-06]