/KASE, 07.08.25/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Басқармасы
2025 жылдың 07 тамызында, Citigroup Inc. кепілдігімен облигациялық
бағдарлама шегінде шығарылған, Citigroup Global Markets Holdings Inc.
несиелік тәуекелге байланысты (Credit Linked Notes) XS3045699132
(CITI_KZe1, 1,0 тенге, 13,0 млрд тенге; 08.05.25 – 20.06.27; өзгермелі,
күрделі пайыздық мөлшерлеме TONIA + 0,35 %; actual/365) облигацияларын
негізгі алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу
туралы шешім қабылдады
Басқарманың бұл шешімі 2025 жылдың 07 тамызынан бастап күшіне енді.
KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы
қосымша хабарланатын болады.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына
сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/ru/investors/bonds/CITI_KZe1
[2025-08-07]