12 тамыз күні Қазақстан қор биржасында "R-Finance" микроқаржы ұйымы" ЖШС KZ2P00014723 (MFRFb21) облигацияларына жазылым жүргізіледі

08.08.25 11:19
/KASE, 08.08.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 12 тамызында KASE сауда-саттық жүйесінде "R-Finance" микроқаржы ұйымы" ЖШС KZ2P00014723 (KASE баламалы алаңы, "облигациялар" санаты, MFRFb21) облигацияларына төменде келтірілген шарттарда жазылу арқылы (Астана қ.уақыты) бастапқы орналастыру жүргізілетінін хабарлайды. Көрсетілген облигацияларға жазылу кезінде сатушы ретінде "Alatau City Invest" АҚ (бұдан әрі – Сатушы) әрекет етеді. --------------------------------------------------------------------------------- Бағалы қағаздардың түрі: купондық облигациялар ISIN: KZ2P00014723 KASE сауда-саттық коды: MFRFb21 Номиналды құны, АҚШ доллары: 1 000,00 Шығарылым көлемі, АҚШ доллары: – тіркелген: 4 000 000 000 – орналастырылған (номинал бойынша): – Айналымның басталу күні: облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы жүзеге асқан сауда-саттықты өткізу күні Айналымның соңғы күні: кейінірек анықталады Өтеудің басталу күні: кейінірек анықталады Айналым мерзімі: 2 жыл (720 күн) Купондық ставка: облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы жүзеге асқан сауда-саттықтың нәтижелері бойынша анықталады Купондарды төлеу мерзімділігі: ай сайын Купонды төлеудің басталу күндері: кейінірек анықталады Уақытша база: 30 / 360 -------------------------------------------- ------------------------------------ Жазылым күні: 12.08.25 Орналастырудың номиналды көлемі, 500 000 000 АҚШ доллары: Сатып алуға өтінім түрі: шектелімді Өтінімдерді қабылдау уақыты: 10:00–16:00 Мәмілелер жасалған күн мен уақыт: 12.08.25, 17:30 Есеп айырысуды жүзеге асыру күні мен уақыты: 12.08.25, 17:30 --------------------------------------------------------------------------------- Осы жазылымды жүргізу шарттарына сәйкес көрсетілген облигацияларды Сатушыға ашылатын инвестор туралы қосымша ақпарат тізбесіне мынадай мәліметтер кіреді: 1)жеке тұлғаның ЖСН немесе заңды тұлғаның БСН. Жазылымға қатысу үшін өтінімдер тек "қор" санатындағы KASE мүшелері арқылы беріледі. Санаттар бойынша KASE мүшелерінің толық тізімі мына сілтеме бойынша жарияланған https://kase.kz/ru/members/membership/all Есептесулерді "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ жүзеге асырады. Бағалы қағаздарға жазылу ережесі сілтеме бойынша жарияланды http://kase.kz/files/normative_base/rules_ipo.pdf Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/investors/bonds/MFRFb21 [2025-08-08]