11 тамыздан бастап Қазақстан қор биржасында Citigroup Global Markets Holdings Inc. XS3045699132 (CITI_KZe1) облигацияларымен сауда-саттық ашылады.

08.08.25 17:51
/KASE, 08.08.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 11 тамызынан бастап кредиттік тәуекелге байланысты (Credit Linked Notes), Citigroup Inc. кепілдігімен облигациялық бағдарлама шегінде шығарылған, Citigroup Global Markets Holdings Inc. XS3045699132 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, CITI_KZe1; 1 000 теңге, 13,0 млрд теңге; 08.05.25- 20.06.27, өзгермелі, күрделі пайыздық TONIA мөлшерлемесі + 0,35 %; actual / 365) облигациялардың KASE-де сауда-саттығы ашылатынын хабарлайды. KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі номиналдың пайызымен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы- қазақстандық теңге. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/investors/bonds/CITI_KZe1 [2025-08-08]