Азия даму банкінің XS2507222904 (ASDBe11) халықаралық облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды

12.08.25 09:21
/KASE, 12.08.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 12 тамызынан бастап Азия Даму Банкінің XS2507222904 ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, ASDBe11; 6 479 250 000 теңге; 10.08.22 – 12.08.25, жартыжылдық купон, жылдық 14,15%; actual/360) халықаралық облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылғанын хабарлайды. Аталған облигациялар KASE ресми тізімінің "Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторына 2022 жылдың 05 тамызынан бастап енгізілген. Олармен сауда-саттық 2022 жылдың 19 тамызынан бастап ашылды. [2025-08-12]