12 тамыздан бастап "Азия кредиттік қоры" Микроқаржы ұйымы" ЖШС KZ2P00014640 (MFCFb2) облигациялары баламалы алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді

12.08.25 12:43
/KASE, 12.08.25/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2025 жылдың 11 тамызында "Азия кредиттік қоры" Микроқаржы ұйымы" ЖШС (Алматы) KZ2P00014640 (MFCFb2; 1 000 теңге, 2,0 млрд теңге; 1 жыл 6 ай; тоқсандық купон, жылдық 22,50 %; 30/360) облигацияларының баламалы алаңын "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады. Листингілік комиссияның бұл шешімі 2025 жылдың 12 тамызынан бастап күшіне енеді. KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигацияларды шығару 2024 жылдың 29 тамызында тіркелген "Азия кредиттік қоры" Микроқаржы ұйымы" ЖШС жалпы сомасы 6,0 млрд теңгеге бірінші облигациялық бағдарламасы шегіндегі екіншісі болып табылады. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/bonds/show/MFCFb2/ [2025-08-12]