/KASE, 12.08.25/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік
комиссиясы 2025 жылдың 11 тамызында "Marden Property" Басқарушы
компаниясы" ЖШС (Астана) KZ2P00014673 (MRDNb1, $10,0, $10,0 млн;
2 жыл; ай сайынғы купон, облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы
сауда-саттықты өткізу қорытындылары бойынша анықталатын болады;
30/360) облигацияларын баламалы алаңының "облигациялар" санаты
бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады.
Листингілік комиссияның бұл шешімі 2025 жылдың 12 тамызынан бастап
күшіне енеді.
KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы
қосымша хабарланатын болады.
Аталған облигациялардың шығарылымы 2025 жылдың 02 шілдесінде жалпы
сомасы 100,0 млн АҚШ долларына тіркелген "Marden Property" Басқарушы
компаниясы" ЖШС-нің бірінші облигациялық бағдарламасы шегіндегі
біріншісі болып табылады.
"Marden Property" Басқарушы компаниясы" ЖШС-нің қаржылық кеңесшісі
"First Heartland Jusan Invest" АҚ (Астана) болып табылады.
"Marden Property" Басқарушы компаниясы" ЖШС қызметінің негізгі түрлері –
коммерциялық жылжымайтын мүлік объектілерін басқару.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына
сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/ru/investors/bonds/MRDNb1
[2025-08-12]