/KASE, 12.08.25/ – Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор
биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің (МЕУКАМ) KZKD00000760 (MUM048_0056)
мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелерін орналастыру
бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өткізілді.
KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналды құны бойынша жалпы
сомасы 6 197 100 000 теңгеге өтінімдерді қанағаттандырып, кесімдеу
бағасын номиналдан 99,9872 % (кірістілік – жылдық 17,01 %) деңгейінде
белгіледі. Қанағаттандырылған өтінімдердегі орташа сараланған таза баға
номиналдың 100,0035 % құрады (кірістілік – жылдық 17,00%).
Астана қаласы уақытымен сағат 15:30-дан 16:00-ге дейін KASE сауда-
саттық жүйесінде көрсетілген бағалы қағаздарды қосымша орналастыру
бойынша мамандандырылған сауда-саттық өткізілетін болады.
Орналастыру және қосымша орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген
жаңалықтар кейінірек жарияланады.
KASE "Бүгін Қазақстан қор биржасында есептесуі 14 тамызда болатын және
өтелгенге дейінгі мерзімі 4 жыл МЕУКАМ KZKD00000760 (MUM048_0056)
орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық
өткізіледі" тақырыбындағы жаңалығы мына сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/kz/information/news/show/1548994
[2025-08-12]