/KASE, 14.08.25/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Басқармасы
2025 жылдың 12 тамызында "аФинанс Микроқаржы ұйымы" ЖШС
KZ2P00014996 (MFAFb10; $100, $3,0 млн; 360 күн; ай сайынғы купон,
жылдық 12,00%; 30/360) облигацияларын баламалы алаңының
"коммерциялық облигациялар"санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу
туралы шешім қабылдады.
Басқарманың бұл шешімі 2025 жылдың 14 тамызынан бастап күшіне енеді.
KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы
қосымша хабарланатын болады.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына
сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/ru/investors/bonds/MFAFb10
[2025-08-14]