15 тамыздан бастап Қазақстан қор биржасында Азия даму банкінің XS3015676425 (ASDBe20) халықаралық облигацияларымен сауда-саттық тоқтатыла тұрады

14.08.25 15:20
/KASE, 14.08.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 15 тамызынан бастап Азия даму банкінің XS3015676425 ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, ASDBe20) халықаралық облигацияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатыла тұратынын хабарлайды. Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі құжатының 13 бабы 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес 2025 жылдың 18 қыркүйегінде шығарылым аңдатпасының шарттарына сәйкес көрсетілген облигацияларды ішінара мерзімінен бұрын кері сатып алуды өткізуге байланысты тоқтатылды. [2025-08-14]