/KASE, 14.08.25/ – "Атамекен-Агро" АҚ (KASE тикері – KATR) 2025 жылдың
27 тамызында акционерлердің жылдық жалпы жиналысының өткізілетіні
туралы хабарлайды:
Жиналыстың күн тәртібі:
1) компанияның 2024 жылға қаржылық есептілігін бекіту туралы;
2) компанияның 2024 жылдағы таза табысын бөлу тәртібін бекіту,
компанияның жай акциялары бойынша 2024 жылғыа дивиденд төлеу
туралы шешім қабылдау және компанияның бір жай акциясына
шаққандағы 2024 жылға дивиденд мөлшерін бекіту туралы;
3) компанияның 2025 жылға аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйымды
анықтау туралы.
4) компанияның Директорлар кеңесінің сандық құрамын анықтау туралы;
5) компанияның Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау туралы;
6) компанияның Директорлар кеңесі мүшелерінің өкілеттік мерзімін
анықтау туралы;
7) компанияның Директорлар кеңесінің мүшелеріне өз міндеттерін
орындағаны үшін сыйақылар төлеу, шығыстарды өтеу мөлшері мен
шарттарын анықтау туралы;
8) компанияның Директорлар кеңесінің мүшелерімен келісім-шарт жасасу
туралы.
Жиналысты өткізу туралы ақпарат –
https://kase.kz/files/emitters/KATR/katr_special_shareholders_meeting_info_270825_189.pdf
[2025-08-14]