/KASE, 19.08.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың
20 тамызынан бастап "Азиялық Несие Қоры" Микроқаржы ұйымы" ЖШС
(Алматы) KZ2P00014640 (KASE баламалы алаңы, "облигациялар" санаты,
MFCFb2; 1 000 теңге, 2,0 млрд теңге; 1 жыл 6 ай; тоқсандық купон, жылдық
22,50 %; 30/360) облигацияларымен KASE-де сауда -саттық ашылатынын
хабарлайды.
KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу
дәлдігі баға белгілеу валютасында көрсетілген облигацияның "таза емес"
бағасының екінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу
валютасы – қазақстандық теңге.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына
сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/ru/investors/bonds/MFCFb2
[2025-08-19]