/KASE, 19.08.25/ – Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор
биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде есептесуі 2025 жылдың
21 тамызында болатын, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
(МЕУКАМ) KZKD00000790 (MUM180_0011) мемлекеттік ұзақ мерзімді
қазынашылық міндеттемелерін орналастыру бойынша қайталама
мамандандырылған сауда-саттық өткізілді.
KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналды құны бойынша жалпы
сомасы 54 813 814 000 теңгеге өтінімдерді қанағаттандырып, кесімдеу
бағасын номиналдан 74,5225 % (кірістілік – жылдық 17,00 %) деңгейінде
белгіледі. Қанағаттандырылған өтінімдердегі орташа сараланған таза баға
номиналдың 74,5590 % құрады (кірістілік – жылдық 16,98%).
Астана қаласы уақытымен сағат 15:30-дан 16:00-ге дейін KASE сауда-
саттық жүйесінде көрсетілген бағалы қағаздарды қосымша орналастыру
бойынша мамандандырылған сауда-саттық өткізілетін болады.
Орналастыру және қосымша орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген
жаңалықтар кейінірек жарияланады.
KASE "Бүгін Қазақстан қор биржасында есептесуі 21 тамызда болатын және
өтелгенге дейінгі мерзімі 4 жыл МЕУКАМ KZKD00000790 (MUM180_0011)
орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық
өткізіледі" тақырыбындағы жаңалығы мына сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/kz/information/news/show/1549361
[2025-08-19]