19 тамыз күні Қазақстан қор биржасында МЕУКАМ KZKD00000444 (MUM180_0004) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өтті

19.08.25 15:22
/KASE, 19.08.25/ – Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде есептесуі 2025 жылдың 21 тамызында болатын, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің (МЕУКАМ) KZKD00000444 (MUM180_0004) мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелерін орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өткізілді. KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналды құны бойынша жалпы сомасы 51 677 164 000 теңгеге өтінімдерді қанағаттандырып, кесімдеу бағасын номиналдан 90,3198 % (кірістілік – жылдық 16,90 %) деңгейінде белгіледі. Қанағаттандырылған өтінімдердегі орташа сараланған таза баға номиналдың 90,3449 % құрады (кірістілік – жылдық 16,87%). Астана қаласы уақытымен сағат 15:30-дан 16:00-ге дейін KASE сауда- саттық жүйесінде көрсетілген бағалы қағаздарды қосымша орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өткізілетін болады. Орналастыру және қосымша орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген жаңалықтар кейінірек жарияланады. KASE "Бүгін Қазақстан қор биржасында есептесуі 21 тамызда болатын және өтелгенге дейінгі мерзімі 1 жыл МЕУКАМ KZKD00000444 (MUM180_0004) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі" тақырыбындағы жаңалығы мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/kz/information/news/show/1549364 [2025-08-19]