/KASE, 19.08.25/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік
комиссиясы 2025 жылдың 11 тамызында "GRV" АҚ KZ2C00014975
(GRVApp1; 1,0 млн теңге, 200,0 млн теңге; 2 жыл; жартыжылдық купон,
жылдық 35,00%; 30/360) облигацияларын "Жеке орналастыру" алаңы
бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады.
Листингілік комиссияның бұл шешімі 2025 жылдың 19 тамызынан бастап
күшіне енеді.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына
сілтеме бойынша жарияланды –
https://kase.kz/ru/investors/bonds/GRVApp1
[2025-08-19]