20 тамыздан бастап "Банк ЦентрКредит" АҚ KZ2C00004083 (CCBNb29) облигациялары олардың жойылуына байланысты KASE ресми тізімінен алынып тасталды

20.08.25 10:27
/KASE, 20.08.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 20 тамызынан бастап KASE ресми тізімінен "Банк ЦентрКредит" АҚ (Алматы) KZ2C00004083 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, CCBNb29; 1 000 теңге, 60,0 млрд теңге; 03.11.17 – 03.11.32; жылдық купон, жылдық 4,00%; 30/360) облигацияларын олардың күшін жоюға байланысты алынып тасталғанын хабарлайды. Аталған облигациялар 2017 жылдың 16 қазанынан бастап негізгі алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді. Олармен сауда-саттық 2018 жылдың 08 қаңтарынан бастап ашылды. [2025-08-20]