20 тамыздан бастап "Интергаз Орталық Азия" АҚ облигацияларының үш шығарылымы "Жеке орналастыру" алаңы бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді

20.08.25 12:11
/KASE, 20.08.25/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2025 жылдың 18 тамызында "Интергаз Орталық Азия" АҚ (Астана) келесі облигацияларын "Жеке орналастыру" алаңы бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады: 1) KZ2C00015014 (INCApp19; 1 000 теңге, 7 491 406 000 теңге; 10 жыл; жартыжылдық купон, жылдық 9,37 %; 30/360); 2) KZ2C00015022 (INCApp20; 1 000 теңге, 9 000 000 000 теңге; 10 жыл; жартыжылдық купон, жылдық 9,37 %; 30/360); 3) KZ2C00015030 (INCApp21; 1 000 теңге, 3 316 443 000 теңге; 10 жыл; жартыжылдық купон, жылдық 9,37 %; 30/360). Листингілік комиссияның бұл шешімі 2025 жылдың 20 тамызынан бастап күшіне енеді. Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/issuers/INCA/ [2025-08-20]