/KASE, 20.08.25/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік
комиссиясы 2025 жылдың 18 тамызында "Birinshi Lombard" ЖШС
(Алматы) келесі облигацияларын баламалы алаңының "облигациялар"
санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады:
1) KZ2P00013311 (MFBLb6; 1 000 теңге, 1,0 млрд теңге; 5 жыл; тоқсандық
купон, жылдық 21,00 %; 30/360);
2) KZ2P00014202 (MFBLb7; 1 000 теңге, 1,0 млрд теңге; 3 жыл, тоқсандық
купон, жылдық 21,00 %; 30/360);
Листингілік комиссияның бұл шешімі 2025 жылдың 20 тамызынан бастап
күшіне енеді.
KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы
қосымша хабарланатын болады.
Аталған облигациялардың шығарылымдары 2025 жылдың 14 қаңтарында
10,0 млрд теңге сомасында тіркелген "Birinshi Lombard" ЖШС екінші
облигациялық бағдарламасы шегінде екінші және үшінші болып табылады.
"Birinshi Lombard" ЖШС қаржылық кеңесшісі және андеррайтері "Банк
ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы – "BCC Invest" АҚ (Алматы) болып
табылады.
Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат
мына сілтеме бойынша жарияланды –
https://kase.kz/ru/listing/issuers/MFBL
[2025-08-20]