/KASE, 20.08.25/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік
комиссиясы 2025 жылдың 20 тамызында "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ
(Астана) KZ2C000015246 (AGKKb23; 1 000 теңге, 100,0 млрд теңге; 1 жыл
5 күн, жылдық купон, облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы
сауда-саттықты өткізу қорытындылары бойынша анықталатын болады;
actual / 365) облигацияларын негізгі алаңының "облигациялар" санаты
бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады.
Листингілік комиссияның бұл шешімі 2025 жылдың 20 тамызынан бастап
күшіне енеді.
KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы
қосымша хабарланатын болады.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына
сілтеме бойынша жарияланды –
https://kase.kz/ru/investors/bonds/AGKKb23
[2025-08-20]