22 тамыздан бастап Қазақстан қор биржасында "Өскемен өнеркәсіптік арматура зауыты" АҚ KZ2C00013811 (UZPAb1) облигацияларымен сауда-саттық тоқтатыла тұрады

21.08.25 17:39
/KASE, 21.08.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 22 тамызынан бастап "Өскемен өнеркәсіптік арматура зауыты" АҚ KZ2C00013811 (KASE баламалы алаңы, "облигациялар"санаты, UZPAb1) облигацияларымен KASE-де сауда-саттығы тоқтатыла тұратынын хабарлайды. Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі құжатының 13 бабы 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес қоғамның Директорлар кеңесінің көрсетілген облигациялардың шығарылым аңдатпасына өзгертулр енгізу туралы шешіміне байланысты тоқтатылды. [2025-08-21]