/KASE, 21.08.24/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, 2025 жылдың
19 тамызында Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік ұзақ мерзімді
қазынашылық міндеттемелері МЕУКАМ (KZKD00000790, MUM108_0011)
орналастыру арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізілді.
"Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ деректеріне сәйкес
2025 жылдың 21 тамызында облигацияларды орналастыру бойынша
мәмілелер орындалды, қанағаттандырылған өтінімдер көлемі
84 646 002 750,8 теңгені құрады.
KASE "Қазақстан Қаржы министрлігі 19 тамыз күні Қазақстан қор
биржасында 113,3 млн МЕУКАМ (KZKD00000790, MUM108_0011) өтеуге
орташа сараланған кірістілігі жылдық 16,98 %-бен орналастырды"
тақырыбындағы жаңалығы мына сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/kz/information/news/show/1549449
[2025-08-21]