NTPro платформасында шетел валюталарымен сауда-саттық көлемі 01-19 тамыз аралығында 494,0 млн теңгені құрады

22.08.25 10:27
/KACC, 22.08.25/ – Бұрын хабарланғандай, 2025 жылдың 01 тамызынан бастап KASE Клиринг орталығы (KACC, Клирингілік орталық) клирингілік және есеп айырысу қызметтерін, сондай-ақ NTPro платформасында жасалған шетел валюталарымен биржадан тыс мәмілелер бойынша орталық контрагенттің қызметтерін көрсете бастады. 2025 жылдың 19 тамызындағы жағдай бойынша NTPro сауда ортасының биржадан тыс валюта нарығының қатысушылары: 1) "Tansar Capital" АҚ; 2) "Teniz Capital Investment Banking" АҚ; 3) "Еуразиялық банк" АҚ; 4) "Банк ЦентрКредит" АҚ; 5) "NGDEM Finance" АҚ; 6) "UD Capital" АҚ. Клирингілік орталық NTPro сауда ортасынан клирингілік қызмет көрсетуге қабылдаған алғашқы мәмілелер 2025 жылдың 04 тамызында "Еуразиялық банк" АҚ мен "Teniz Capital Investment Banking" АҚ арасында жасалды. Сауда-саттық ашылған сәттен бастап жалпы көлемі 494,0 млн теңге немесе 911 мың АҚШ доллары болатын 5 мәміле жасалды. Клирингілік қызмет көрсетуге KASE валюта нарығында саудаланатын валюта жұптары бойынша NTPro платформасында жасалған мәмілелер қабылданады, атап айтқанда: - USD/KZT; - RUB/KZT; - CNY/KZT; - EUR/USD; - EUR/KZT; - USD/CNY; - EUR/CNY. NTPro платформасында жасалатын мәмілелерге клирингілік қызмет көрсетуге қосылу үшін қатысушы тіркеуден өтіп, платформаның өзіне қатысушы болуы, сондай-ақ валюта нарығының KASE мүшесі мәртебесіне ие болуы қажет. Бұдан басқа, сауда ортасының клирингілік қатысушысы мәртебесін алу және орталықтандырылған клиринг пен есеп айырысу үшін биржадан тыс мәмілелерді жүйеге беруге мүмкіндік беретін мамандандырылған шлюз арқылы ASTS+ сауда-клирингілік жүйесіне техникалық қол жеткізуді қамтамасыз ету талап етіледі. [2025-08-22]