"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ 2025 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қаржылық нәтижелерін хабарлады

22.08.25 11:42
/KASE, 22.08.25/ – "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ (KASE тикері – KMGZ) KASE-ге былай деп хабарлады: дәйексөздің басы 21 тамыз 2025 жыл "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ (бұдан әрі – "ҚМГ", "Компания"), Қазақстанның ұлттық мұнай-газ компаниясы тәуелсіз аудитордың аралық қаржылық ақпаратын шолып тексерудің нәтижелері негізінде жасалған есебімен қоса, 2025 жылғы 30 маусымда аяқталған үш және алты айдағы 34 "Аралық қаржылық есептілік" халықаралық қаржы есептіліктің стандарттарына (ХҚЕС) сәйкес дайындалған қысқартылған аралық шоғырландырылған қаржы есебін жариялады. 2024 жылдың бірінші жарты жылдығымен салыстырғанда 2025 жылдың бірінші жартыжылдығындағы негізгі қаржы көрсеткіштер*: - Түсім 4 239 млрд теңгемен (9 440 млн АҚШ доллары) салыстырғанда 4 500 млрд теңгеге (8 789 млн АҚШ доллары) жетті; - EBITDA көрсеткіші 984 млрд теңгемен (2 190 млн АҚШ доллары) салыстырғанда 1 142 млрд теңгені (2 230 млн АҚШ доллары) құрады; - Бірлесіп бақыланатын кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың кірісіндегі үлесті қоса алғанда, компанияның таза пайдасы 550 млрд теңгемен (1 224 млн АҚШ долларымен) салыстырғанда 534 млрд теңгені (1 044 млн АҚШ долларын) құрады; - Бірлесіп бақыланатын кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың пайдасындағы үлесіне түзетілген таза пайда** 591 млрд теңгемен (1 316 млн АҚШ долларымен) салыстырғанда 660 млрд теңгені (1 289 млн АҚШ доллары) құрады; - Бос ақша ағымы 604 млрд теңгемен (1 345 млн АҚШ долларымен) салыстырғанда, 682 млрд теңгені (1 331 млн АҚШ долларын) құрады; - 2025 жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша жалпы қарыз 2024 жылғы 31 желтоқсандағы 3 967 млрд теңге (7 555 млн АҚШ доллары) мөлшеріндегі көрсеткішпен салыстырғанда, 3 892 млрд теңгені (7 490 млн АҚШ долларын) құрады; - 2025 жылғы 30 маусымдағы Компанияның таза қарызы 2024 жылғы 31 желтоқсандағы 1 163 млрд теңге (2 214 млн АҚШ доллары) деңгейіндегі көрсеткішпен салыстырғанда 803 млрд теңгені (1 546 млн АҚШ долларын) құрады. * 2025 жылғы 30 маусымдағы Компанияның таза қарызы 2024 жылғы 31 желтоқсандағы 1 163 млрд теңге (2 214 млн АҚШ доллары) деңгейіндегі көрсеткішпен салыстырғанда 803 млрд теңгені (1 546 млн АҚШ долларын) құрады. ** Бірлесіп бақыланатын кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың пайдасындағы үлесіне түзетілген таза пайда = Таза пайда + бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардан алынған дивиденд, минус бірлесіп бақыланатын кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың пайдасындағы үлесін шегергендегі таза пайда. дәйексөздің соңы Қазақ тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/6973-1h2025-financial-kaz.pdf Орыс тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_relizs_210825_1.pdf Ағылшын тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_relizs_210825_en.pdf [2025-08-22]