/KASE, 22.08.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың
25 тамызынан бастап "МҚҰ ЭКО-қаржы" ЖШС KZ2P00014210 (KASE
баламалы алаңы, "облигациялар" санаты, MFECb3; 1 000 теңге, 1,0 млрд
теңге; 4 жыл; тоқсандық купон, жылдық 22,00%; 30/360) облигацияларымен
KASE-де сауда-саттық ашылатынын хабарлайды.
KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу
дәлдігі баға белгілеу валютасында көрсетілген облигацияның "лас"
бағасының екінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу
валютасы – қазақстандық теңге.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына
сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/ru/investors/bonds/MFECb3
[2025-08-22]