25 тамыздан бастап Қазақстан қор биржасында "GoldFinMarket" Ломбарды" ЖШС KZ2P00014277 (MFLGb19) облигацияларымен сауда-саттық ашылады

22.08.25 15:00
/KASE, 22.08.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 25 тамызынан бастап "GoldFinMarket" Ломбарды" ЖШС KZ2P00014277 (KASE баламалы алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, MFLGb19; 1 000 теңге, 500,0 млн теңге; 360 күн; ай сайынғы купон, жылдық 22,00 %; 30/360) облигацияларымен KASE-де сауда-саттық ашылатынын хабарлайды. KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі баға белгілеу валютасында көрсетілген облигацияның "таза емес" бағасының екінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – қазақстандық теңге. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/investors/bonds/MFLGb19 [2025-08-22]