26 тамыздан бастап "BCC Invest" АҚ "Fincraft Group" ЖШС KZ2D00005949 (NCOMb1) облигациялары бойынша KASE маркет-мейкер мәртебесінен бас тартты
26.08.25 16:20
/KASE, 26.08.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының
шешімімен 2025 жылдың 26 тамызынан бастап "Банк ЦентрКредит" АҚ
еншілес ұйымы – "BCC Invest" АҚ (тақырыптамада – "BCC Invest" АҚ)
"Fincraft Group" ЖШС KZ2D00005949 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар"
санаты, NCOMb1) облигациялары бойынша KASE маркет-мейкер
міндеттерін орындаудан босатылды.
Бұл шешім KASE "Маркет-мейкерлер қызметінің ережелері" атты ішкі
құжатының 3 бабына сәйкес маркет-мейкердің көрсетілген мәртебеден ерікті
түрде бас тартуы себебінен қабылданды.
[2025-08-26]