/KASE, 28.08.25/ – 2025 жылдың 01 қыркүйегінен бастап KZGB_CPm1m
және KZGB_DPm1m индекстерді есептеуге арналған өкілдік тізім Қазақстан
Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарының (МБҚ) 60 атауынан
тұратын болады (тізімге – MOM048_0056, KZK200000760 кірді).
Қазақстан қор биржасы (KASE) Қор нарығының индекстері мен
индикаторларын есептеу әдістемесіне сәйкес мынадай индекстерді
есептейді және жариялайды:
1) KZGB_CPm1m (more than one month) – жинақталған және төленбеген
купондық сыйақыны есепке алмағанда бағалар бойынша есептелетін
өтеу мерзімі 31 күннен және одан жоғары МБҚ-ның "таза" бағаларының
баға индексі;
2) KZGB_DPm1m – өтеу мерзімі 31 күннен асатын МБҚ жиынтық
табысының баға индексі (есептелген, төленген купондық төлемді
ескере отырып);
3) KZGB_Ym1m – кірістілік көрсеткіші, жылдық пайызбен;
4) индекстің дюрациясы, жылдармен;
5) түрлендірілген индекстің дюрациясы.
2025 жылдың қыркүйегінде көрсетілген индекстерді есептеу үшін өкілдік
тізім 2025 жылдың 27 тамызындағы кешке (осы тізім күшіне енген күнге
дейін үш жұмыс күні бұрын) МБҚ параметрлері бойынша қалыптастырылды.
Өкілдік тізім 2025 жылдың 01 қыркүйегінде
https://kase.kz/ru/stock_market/
бетте жарияланады (KZGB_CPm1m немесе KZGB_DPm1m бөлімі).
[2025-08-28]