"ForteBank" АҚ 750 млн Қытай юані көлемінде синдикатталған қарыз тарту туралы хабарлайды

28.08.25 12:26
/KASE, 28.08.25/ – "ForteBank" АҚ (KASE тикері – ASBN) былай деп хабарлады: дәйексөздің басы 28 тамыз 2025 жыл Астана, 28 тамыз 2025 жыл – Қазақстандағы жетекші банктердің бірі - "ForteBank" АҚ жалпы сомасы 750 миллион қытай юанінде, үш мерзімге синдикатталған қарыз тарту жөніндегі берегей мәмілені сәтті аяқтағанын хабарлайды. Бұл - Қазақстанның тарихында коммерциялық банк тарапынан тартылған қытай юаніндегі алғашқы синдикатталған қарыз. Аталған мәміле ForteBank пен Қазақстан қаржы нарығы үшін өте маңызды кезең. Ол баламалы валюталық қаржыландырудың рөлін арттырады. Қазақстан мен Қытай арасындағы экономикалық байланыстарға тың серпін береді. Халықаралық инвесторлардың жоғары сұранысы мәміле көлемінің екі есе артуына ықпал етті. Синдикатқа бес халықаралық банк кірді. Жетекші ұйымдастырушылар (Mandated Lead Arrangers), ICBC Standard Bank plc / ICBC Almaty JSC, First Abu Dhabi Bank PJSC және Қытайдың экспорттық-импорттық банкі. "Altyn Bank" АҚ мәміленің ұйымдастырушысы ретінде қызмет атқарды. Тартылған қаражат ел экономикасының негізгі секторларындағы ірі инвестициялық жобаларды қаржыландыруға бағытталатын болады. Ол металлургия, өнеркәсіп және басқа да стратегиялық салалар. Қаржы өндірістің қуаттылығын жаңғыртуға және заманауи технологияларды енгізуге жұмсалады. Бұл ұлттық экономиканың халықаралық аренадағы позициясын күшейтеді. дәйексөздің соңы Баспасөз мәлімдемесінің қазақ және орыс тілдеріндегі толық нұсқасы орналастырылған – https://kase.kz/files/emitters/ASBN/asbn_relizs_280825.pdf [2025-08-28]