29 тамыздан бастап "Скулбас" ЖШС KZ2P00014798 (SCLBb2) облигациялары "таза" бағамен сауда-саттық тәртіптемесіне ауыстырылады

28.08.25 14:42
/KASE, 28.08.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 29 тамызынан бастап "Скулбас" ЖШС KZ2P00014798 (KASE баламалы алаңы, "облигациялар" санаты, SCLBb2; 1 000 теңге; 500,0 млн теңге; 08.08.25 – 08.08.28; тоқсандық купон, жылдық 21,00%; 30/360) облигациялары "таза" бағамен сауда-саттық тәртіптемесіне ауыстырылатынын хабарлайды. KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі номиналдан пайызбен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – қазақстандық теңге. [2025-08-28]