29 тамыздан бастап "GoldFinMarket" Ломбарды" ЖШС KZ2P00014277 (MFLGb19) облигациялары "таза" бағамен сауда-саттық тәртіптемесіне ауыстырылады
28.08.25 14:45
/KASE, 28.08.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың
29 тамызынан бастап "GoldFinMarket" Ломбарды" ЖШС KZ2P00014277
(KASE баламалы алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, MFLGb19;
1 000 теңге, 500,0 млн теңге; 25.08.25 – 25.08.26; ай сайынғы купон, жылдық
22,00%; 30/360) облигациялары "таза" бағамен сауда-саттық тәртіптемесіне
аударылатынын хабарлайды.
KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу
дәлдігі номиналдың пайызымен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының
төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы –
қазақстандық теңге.
[2025-08-28]