/KASE, 29.08.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының
шешімімен 2025 жылдың 02 қыркүйегінен бастап "N1broker" АҚ KASE-де
бағалы қағаздармен сауда-саттыққа қатысуға және KASE-де репо
операцияларын жүзеге асыруға жіберілетін болады.
Бұған дейін осы тақырып бойынша KASE 2025 жылдың 04 шілдесінде
"04 шілдеден бастап "N1broker" АҚ "қор" санаты бойынша KASE мүшелігіне
қабылданды" тақырыбындағы жаңалығы жарияланған болатын –
https://kase.kz/kz/information/news/show/1546497
[2025-08-29]