02 қыркүйектен бастап "ЭКО – Қаржы МҚҰ" ЖШС KZ2P00014210 (MFECb3) облигациялары "таза" бағамен сауда-саттық тәртіптемесіне ауыстырылатын болады
29.08.25 15:07
/KASE, 29.08.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың
02 қыркүйегінен бастап "ЭКО – Қаржы МҚҰ" ЖШС KZ2P00014210 (KASE
баламалы алаңы, "облигациялар" санаты, MFECb3; 1 000 теңге, 1,0 млрд
теңге; 26.08.25 – 26.08.29; тоқсандық купон, жылдық 22,00%; 30/360)
облигациялары "таза" бағамен сауда-саттық тәртіптемесіне аударылатынын
хабарлайды.
KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу
дәлдігі номиналдан пайызбен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының
төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы –
қазақстандық теңге.
[2025-08-29]