/KASE, 02.09.25/ –Қазақстан қор биржасына (KASE) Freedom Holding Corp.
2025 жылдың тамызындағы Қазақстанның өңдеуші салаларының іскерлік
белсенділік индексіне (PMI) шолу ұсынды.
Төменде Freedom Finance Global PLC (Freedom Holding Corp. 100 % еншілес
компанисы) қаржылық талдау департаментінің директоры Ерлан
Әбдікәрімовтың пікірлері келтірілген
"Тамызда Қазақстанның өңдеу өнеркәсібіндегі іскери белсенділік тағы да
күрт түсті. Бұл қолайсыз ахуал – әлсіз сұраныс, тауар нарықтарындағы
құбылмалылықтың күшеюі, операциялық шығындардың өсуі, сондай-ақ
валюта бағамы мен салық қысымының артуы секілді бірнеше фактордың
жиналып қалғанын көрсетеді. Нарық қатысушылары әзірге оптимистік күйде,
алайда жылға қатысты үміт соңғы жылдардағы ең төмен деңгейде. Іскери
белсенділіктің қалпына келуі макроэкономикалық жағдайдың тұрақтануы,
компаниялардың ішкі тұрақтылығын нығайту және саладағы инвестициялық
жобалардың өз мезгілінде жүзеге асуымен тікелей байланысты".
Қазақ тіліндегі шолу –
https://kase.kz/uploads/KZ_Manufacturing_KAZ_2508_PR_1c9c3fd2b3.pdf
Орыс тіліндегі шолу –
https://kase.kz/uploads/KZ_Manufacturing_RUS_2508_PR_866b295f3a.pdf
Ағылшын тіліндегі шолу –
https://kase.kz/uploads/KZ_Manufacturing_ENG_2508_PR_98674a9656.pdf
[2025-09-02]