/KASE, 02.09.25/ – Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор
биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің (МЕОКАМ) KZKD00000679 (MOM060_0052)
мемлекеттік орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерін орналастыру
бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өткізілді.
KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналды құны бойынша жалпы
сомасы 8 229 441 000 теңгеге өтінімдерді қанағаттандырып, кесімдеу
бағасын номиналдан 94,7375 % (кірістілік – жылдық 16,90 %) деңгейінде
белгіледі.
Астана қаласы уақытымен сағат 15:30-дан 16:00-ге дейін KASE сауда-
саттық жүйесінде көрсетілген бағалы қағаздарды қосымша орналастыру
бойынша мамандандырылған сауда-саттық өткізілетін болады.
Орналастыру және қосымша орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген
жаңалықтар кейінірек жарияланады.
KASE "Бүгін Қазақстан қор биржасында есептесуі 04 қыркүйекте болатын
және өтелгенге дейінгі мерзімі 332 күн МЕОКАМ KZKD00000679
(MOM060_0052) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған
сауда-саттық өткізіледі" тақырыбындағы жаңалығы мына сілтеме бойынша
жарияланды
https://kase.kz/kz/information/news/show/1550104
[2025-09-02]