"Mogo Kazakhstan (Мого Қазақстан)" МҚҰ" ЖШС KZ2P00011711 (MFMOb6) облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды
03.09.25 09:29
/KASE, 03.09.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың
03 қыркүйегінен бастап "Mogo Kazakhstan (Мого Қазақстан)" МҚҰ" ЖШС
KZ2P00011711 (KASE баламалы алаңы, "коммерциялық облигациялар"
санаты, MFMOb6; $100, $3,0 млн; 03.09.24 – 03.09.25; ай сайынғы купон,
жылдық 12,00%; 30/360) облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына
байланысты KASE ресми тізімінен шығарылғанын хабарлайды.
Аталған облигациялар 2024 жылдың 24 шілдесінен бастап баламалы
алаңның "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша KASE ресми
тізіміне енгізілді. Олармен сауда-саттық 2024 жылдың 02 қыркүйегінен
бастап ашылды.
[2025-09-03]