Бүгін Қазақстан қор биржасында жергілікті атқарушы органдар облигацияларының жеті шығарылымын орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі

03.09.25 10:38
/KASE, 03.09.25/ – Бүгінгі Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде мынадай облигацияларды орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі: 1) Абай облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00002616 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, AIK120_261; 1 000 теңге, 467 613 000 теңге; 10 жыл; жылдық купон, жылдық 18,90 %; 30/360) 467 613 данасы; 2) Алматы облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00002657 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, ATK120_265; 1 000 теңге, 473 466 000 теңге; 10 жыл; жылдық купон, жылдық 18,90 %; 30/360) 473 466 данасы; 3) Маңғыстау облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00002640 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, MGK120_264; 1 000 теңге, 1 702 066 000 теңге; 10 жыл; жылдық купон, жылдық 18,90 %; 30/360) 1 702 066 данасы; 4) Батыс-Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00002590 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, ZKK180_259; 1 000 теңге, 4 288 161 000 теңге; 15 жыл; жылдық купон, жылдық 18,90 %; 30/360) 4 288 161 данасы; 5) Солтүстік-Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00002608 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, SKK180_260; 1 000 теңге, 677 106 000 теңге; 15 жыл; жылдық купон, жылдық 18,90 %; 30/360) 677 106 данасы; 6) Солтүстік-Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00002624 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, SKK120_262; 1 000 теңге, 901 665 000 теңге; 10 жыл; жылдық купон, жылдық 18,90 %; 30/360) 901 665 данасы; 7) Ұлытау облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00002632 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, UTK120_263; 1 000 теңге, 314 665 000 теңге; 10 жыл; жылдық купон, жылдық 18,90 %; 30/360) 314 665 данасы. Өтінімдерді қабылдау Астана қ.уақытымен 14:00-ден 15:30-ға дейін, есептеулерді жүзеге асыру уақыты – Астана қ. уақытымен 16:00-ге дейін жүзеге асырылады. Баға ретінде өтінімде бағалы қағаздың номиналды құнының пайызымен үтірден кейінгі төртінші белгіге дейінгі дәлдікпен көрсетілген облигациялардың "таза" бағасы (жинақталған сыйақыны есепке алмағанда) көрсетілуі тиіс. Қаржы құралдарының саны ретінде өтінімде дана облигациялардың саны көрсетілуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралының саны лот мөлшеріне тең немесе еселенген болуы тиіс. Лоттың мөлшері – 1 облигация. Өтінім көлемі ретінде өтінімде көрсетілген облигациялар санының және бір облигацияның "таза емес" бағасының (жинақталған сыйақыны ескере отырып) туындысы көрсетілуі тиіс. Сауда-саттыққа KASE сауда-саттық жүйесіне жабық тәсілмен берілген шектелімді өтінімдер ғана қабылданады. Өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі: бірыңғай кесімдеу бағасы бойынша, қарсылама өтінімдерді қабылдау уақыты бойынша. Сауда-саттыққа қатысу үшін өтінімдерді тек KASE қор нарығының мүшелері ғана бере алады. Басқа инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтініш бере алады. KASE қор нарығы мүшелерінің тізімі мына сілтеме бойынша жарияланған https://kase.kz/ru/members/membership/all Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы ішкі нарықта айналымға жіберу үшін бағалы қағаздар шығару ережелері мына сілтеме бойынша жарияланған https://kase.kz/files/mix/post_1520.pdf Сауда-клирингілік жүйелерде сауда-саттық өткізу әдістері туралы қағида мына сілтеме бойынша жарияланған https://kase.kz/files/normative_base/methods_ASTS.pdf Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланған https://kase.kz/ru/markets/government- securities [2025-09-03]