/KASE, 03.09.25/ – "RG Brands" АҚ (KASE тикері – RGBR) 2025 жылдың
18 тамызында өткен акционерлердің жылдық жалпы жиналысының
шешімдері туралы хабарлады.
Акционерлер келесі шешімдерді қабылдады:
- қоғамның 2024 жылға аудиттелген шоғырландырылған қаржылық
есептілігі бекітілсін;
- қоғамның таза кірісін бөлмеу, сондай-ақ қоғамның жай акциялары
бойынша дивидендтер төлемеу.
Акционерлердің жалпы жиналысында күн тәртібіндегі бес мәселе бойынша
шешімдер қабылданды.
Осы ақпарат орналастырылды –
https://kase.kz/files/emitters/RGBR/rgbr_special_shareholders_meeting_results_180825_191.pdf
[2025-09-03]