04 қыркүйектен бастап Қазақстан қор биржасында "Тойота Файнаншл Сервисез Қазақстан" МҚҰ" ЖШС KZ2P00014442 (MFTFb6) облигацияларымен сауда-саттық ашылады

03.09.25 14:31
/KASE, 03.09.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 04 қыркүйегінен бастап "Тойота Файнаншл Сервисез Қазақстан" МҚҰ" ЖШС KZ2P00014442 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, MFTFb6; 1 000 теңге, 5,0 млрд теңге; 28.08.25 - 28.08.29; жартыжылдық купон, жылдық 18,40%; 30/360) облигацияларының KASE–де сауда-саттығы ашылатынын хабарлайды. KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі баға белгілеу валютасында көрсетілген облигацияның "таза емес" бағасының екінші ондық белгісіне дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – қазақстандық теңге. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/kz/investors/bonds/MFTFb6 [2025-09-03]