03 қыркүйек күні Қазақстан қор биржасында алты облыс әкімдіктері 8,8 млрд теңге тартты
03.09.25 17:00
/KASE, 03.09.25/ – Бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық
жүйесінде жергілікті атқарушы органдар облигацияларының жеті
шығарылымын орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өтті.
Мамандандырылған сауда-саттық нәтижелері бойынша келесі облигациялар
орналастырылды:
1) Абай облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00002616
(AIK120_261; 1 000 теңге, 467 613 000 теңге; 03.09.25 – 03.09.35;
жылдық купон, жылдық 18,90 %; 30/360) 0,5 млрд теңгеге;
2) Алматы облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00002657
(ATK120_265; 1 000 теңге, 473 466 000 теңге; 03.09.25 – 03.09.35;
жылдық купон, жылдық 18,90 %; 30/360) 0,5 млрд теңгеге;
3) Маңғыстау облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00002640
(MGK120_264; 1 000 теңге, 1 702 066 000 теңге; 03.09.25 – 03.09.35;
жылдық купон, жылдық 18,90 %; 30/360) 1,7 млрд теңгеге;
4) Батыс-Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органының
KZMJ00002590 (ZKK180_259; 1 000 теңге, 4 288 161 000 теңге; 03.09.25
– 03.09.40; жылдық купон, жылдық 18,90 %; 30/360) 4,3 млрд теңгеге;
5) Солтүстік-Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органының
KZMJ00002608 (SKK180_260; 1 000 теңге, 677 106 000 теңге; 03.09.25 –
03.09.40; жылдық купон, жылдық 18,90 %; 30/360) 0,7 млрд теңгеге;
6) Солтүстік-Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органының
KZMJ00002624 (SKK120_262; 1 000 теңге, 901 665 000 теңге; 03.09.25 –
03.09.35; жылдық купон, жылдық 18,90 %; 30/360) 0,9 млрд теңгеге;
7) Ұлытау облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00002632
(UTK120_263; 1 000 теңге, 314 665 000 теңге; 03.09.25 – 03.09.35;
жылдық купон, жылдық 18,90 %; 30/360) 0,3 млрд теңгеге.
Аталған облигациялар ағынды суларды тазарту құрылыстарының
кешендерін, жылу, электр, сумен жабдықтау және су бұру желілері мен
жүйелерін салу мен жаңғыртуды (реконструкциялау, күрделі жөндеу)
қаржыландыру мақсатында шығарылды.
[2025-09-03]